Діни жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады.

Діни жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешіті жанындағы балалар жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады.

Биылғы жазғы сауат ашу курсында ер балалар да, қыз балалар да дәріс алды.

Екі топтың балалары қасиетті Құран Кәрімді, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін, күнделікті әр мұсылманға тиісті дұғалар, намаз, дәрет алу сияқты ислам құндылықтарын үйреніп, дәріс алды.

Бір ай алған білімдерін сынап, үздіктерін анықтау мақсатында әдеттегідей өз-ара жарыс ұйымдастырылды.

Ауданның найб имамы Талғат Кәрібайұлы балаларға білім алу жайында, ата-анаға қамқорлық көрсету жайында, елдің абыройлы азаматы болу керектігі туралы уағыз-насихат айтып, елімізге, дінімізге пайдалы жақсы азамат болып, өсіп-өрлеулерін тіледі.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: