Ауылдық мешіттерде уағыз-насихат жұмысы жүргізілуде

Ауылдық мешіттерде уағыз-насихат жұмысы жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауылдық мешіттерде уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Насихат аудандық мешітінің найб имамы Талғат Сейткереевтың қатысуымен Қонаев, Көкқайнар және Жаңажол ауылдық мешіттерінде жұма күндері өткізілді.

Уағыз ҚМДБ-ның бекіткен тақырыбына сай жүргізіліп, қосымша Құран оқудың артықшылығы турасында, қоғамдағы кері тартпа ағымдар жайлы және мұсылман жамағатының бірлігі жайында кеңінен айтылуда.

Сонымен қатар аудандық мешітінің найб имамы Талғат Сейткереев ауыл жамағатмен, мешіт қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысып қайтты.

Алдағы уақыттарда ауылдық мешіттерде уағыз–насихат жұмыстары жалғасын таппақ.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: