Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов орталық мешітке келді.

Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов орталық мешітке келді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Жамбыл облысының рухани жүрегі «Һибатулла Тарази» мешітіне Бразилияда өткен Рио Олимпиадасының дзюдо күресінен қола жүлдегер, 2015 жылдың Әлем чемпионы, Тараз қаласының тумасы Елдос Сметов келді.

Ол жұма намазының алдында халық болып көрсеткен қолдау үшін жамағатқа алғыс айтып, сөз сөйледі. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев ел намысын қорғап келген жүлделі спортшыға жетістіктер тілеп, Алланың кәләмі Құран Кәрімді сыйға тартты.

Жиналған жұртшылық болса, спортшыға сәттілік тілеп, демеу көрсетті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: