ҚМДБ-ның имамдары алдына қойған төрт бағыттың бірі – қайырымдылық. Еліміз бойынша жергілікті мешіттерде тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, жәрдем берілуде.
Сол бағыт негізінде Шу қаласы бойынша жыл басынан бері бірнеше отбасыларға арналған қайырымдылық науқандары жасалуда. Апта ішінде Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі 5 отбасыға азық түліктей, «Айтқұл баба» мешітінің имамы 2 отбасыға қаржылай көмек көрсетіп, мешіт қызметкерлері жағдайы төмен отбасылардың алғысын алды.
«Қолы ашықтың жолы ашық» демекші, осындай демеушілік жасап жүрген қолы ашық, жомарт жандарға Алланың нұры жаусын демекпіз.