Жайдарлы жаз басталғалы «Һибатулла Тарази» медресесінде оқушы балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы өткізіліп келеді. Бүгінде осы курстың 2 маусымы өз мәресіне жетті. Қыздар бөлімі бойынша ертең маусымның соңғы дәрісі жүргізіледі. Осыған орай, жаз бойы бір үйдің балаларына айналып, мешіттен ілім үйренген қыздар «тәтті шай» отысырын ұйымдастырды.
Жиында сабақ барысындағы қызықтарын, алғаш келгендегі жағдайлары мен білім алып, Құран жаттаған кездері жайлы баяндады. Шәкірттер ұстаздар мен тәрбиешілерге алғысын айтып, келесі жылы қайта келуге асығатындықтарын жеткізді. «Мешітте алған ілімдерін, тәрбиесін, ұстаздардың үмітін ақтаймыз,» - дейді шәкірттер.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.