«Мектепке жол» Қордай оқушыларын қуантты.

«Мектепке жол» Қордай оқушыларын қуантты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жылда қалыптасқан дәстүр бойынша,  ел болып атқарып жатқан «Мектепке жол» науқанын өткізуге аудандық «Қордай» мешітінің ұжымы да өз сүбелі үлесін қосып жатыр. Мешіттің ұйымдастыруымен 15 аз қамтамасыз етілген отбасыға мектепке қажетті форма сыйға тартылды.

Балаларын жетектеп келген ата-аналар алдында ауданның бас имамы Ж.Шалбаев құттықтау сөз сөйлеп, барша қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ислам дініндегі оқу, білім алу турасында айтылған өсиеттерге дана бабаларымыздың сөздеріне тоқталып, тұщымды уағыз айтты. Оқушыларға сәттілік тілеп, ата-аналардың үкілі үмітін ақтауға шақырды. Жабырқай келіп, жадырап қайтқан жандар осындай қайырымдылық көрсетіп, мейірімділік сыйлаған аудандық «Қордай» мешітінің ұжымына  шексіз ризашылықтарын жеткізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: