Лагерь жастары дін өкілдерімен кездесті

Лагерь жастары дін өкілдерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«2016 жылдың 5-7 тамыз аралығында Талас ауданы, «Жүріндісай» лагерінде «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жастары!» атты аудандық жастар ұйымдары, жастар орталығы қызметкерлері, белсенді жастарға арналған оқыту сауықтыру лагері өткізілді. Аталмыш лагерге арнайы шақыртумен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша жастар өкілі, облыстық «Һибаттулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев пен Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы, теолог Е.Жақыпов «Жастар және дін» тақырыбыныда кездесу өткізді.

Дін өкілдері ата дініміз ислам жайлы, діни құндылықтар мен тәрбие, тәртіп, ұят пен намыс жайлы сүбелі сұқпат жүргізді. Жастар көкейкесті сұрақтарымен бөлісіп, қызығушылықпен, ынтамен атсалысты.

Айта кетелік, үш күнге созылған лагердің бірінші күні жастарды командаларға бөліп, «SANA» оқыту орталығы Көшбасшылар мектебінің тренерлері «Ынталандыру», «20 жастар 20 қағида» атты семинар-тренингтер өткізді. Екінші күні Талас аудандық кәсіпкерлік палатасы мен Жамбыл облыстық «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының мамандарымен «Жастар және бизнес» тақырыбында кездесу өткізіліп, «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, тренер С.Берікқожа «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының ІІ кезеңін іске асыру механизмдері атты семинар-тренинг жүргізді. Лагерге қатысқан 60 жасқа сертификаттар табысталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: