Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінің қолдауымен «Әл-Мүбәрак» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» науқаны өтті. Іс-шара барысында ата-анасынан айырылған жетім 10 балдырғанға мектепке керекті құрал-жабдықтар сыйға тартылды. Бірнеше аптадан соң оқу жылы басталып, мектепке барғалы отырған балаларға сөмке, аяқ киім және кеңсе тауарлары үлестірілді.
Аталмыш қажеттіліктерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев пен «Әл-Мүбарак» қорының төрағасы Абылай Карипбаев табыстады. Айта кетелік, Тараз шаһарына танымал «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры бүгінде атын өзгертіп, «Әл-Мүбәрак» қоғамдық қоры болып жұмысын жалғастыруда.
Бүгінгі іс-шарада кәделі болған балалар бал-бұл жайнап қуанышымен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Бұл игі бастама алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.