Имам әлеуметтік желідегі топ жетекшілерімен кездесті

Имам әлеуметтік желідегі топ жетекшілерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйытқы болуымен, аудандық ішкі саясат бөлімі және жастар ресурстық орталығының қолдауымен аудан бойынша белсенді жастар мен әлеуметтік желілердегі аудан бойынша топ жетекшілерімен имани кездесу болып өтті. Кездесуге ауданның найб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы қатысты. Кездесуге «Ислам: сұрақтар мен жауаптар» атты тақырып арқау болды. Жиында қозғалған мәселелер: отбасы бірлігі (үйлену, ажырасу), ата-анаға құрмет және бала тәрбиесі, төл дініміздің қоғамдағы орны, дәстүр сабақтастығы және ұлтжандылық турасында болды. Дәуренбек Жандосұлы имандылықтың адам өміріндегі маңызы турасында:

«Имандылық бұл - адамның жүрегіне жақсылықтың нәрін салады. Оның отанын сүюіне, отанына қалтқысыз қызмет жасауына, адал болуға,  адамдарға пайда тигізуге құштар болуға тіптіөз кәсібін шебер меңгеруге ұйытқы болатын рухани күш» -дей келедін мен дәстүрдің сабақтастығы, имандылық, ата-ананы сыйлау және білім алудың маңыздылығы турасында уағыз-насихаттар айтылды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушы жастарға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, олардың жетегінде еріп кетпеудің жолдары туралы да ақпараттар берілді.

Жиында қазіргі таңда қоғамда жиі орын алып жатқан үйленіп, ажырасулардың жиілеп кеткендігі, дініміздегі некенің тәртібі мен маңыздылығы, ажырасудың себеп-салдары мен алдын-алу жолдарыда кеңінен талқыланды.

Дәуренбек Жандосұлы шегелеп айтқан тағы бір мәселе – бұл әлеуметтік желінің рөлі. Қазіргі уақытта желіні түрлі бағытта қолданып отырғандар жетерлік. Ал, олардың ақ-қарасын айыру қиын сондықтан ол жақтағы ақпаратқа да абай болу керектігін ескертті. Әлеуметтік топ жетекшілеріне желіге қандайда бір ақпарат жіберер алдында немесе ақпарат алдында оның қоғамға, дінге  оң не теріс әсерін зерделеп барып нақты әрекеттер жасауға шақырды.

Кездесу соңында оқушылар, ата-аналар дін мамандарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: