Мұң көңілін қуаныш кернеді

Мұң көңілін қуаныш кернеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осыдан біраз күн бұрын, аудандық мешітке жаны жабырқау қыз келіп: «Анашым көптен бері ауырып  ақыр аяғында жүруден қалып, сал болып қалды. Тым болмаса анамды мүгедектер арбасына отырғызып біраз болса да таза ауада серуендетсем деймін. Жоқтың тауқыметін тартқан жандармыз, сатып алуға мүмкіндік жоқ. Қиналғанда Алладан өзге пана таппай, бір құрбым мешітке барып көмек сұрасаң, сол жерден мүмкіндік табарсың деп жол сілтеді» - деген еді. «Мешіттегі дін қызметкерлері мені осындай сый-құрметпен қабылдағаны сонша өзім ынғайсыздандым» деп абыржыды қыз.

Осы отырыстан кейін азаматшаның толық мекенжайы, байланыс телефоны алынып: «Жақын арада хабар аласыз, анаңызды қуанта берсеңіз болады» деп шығарып салған болатын дін қызметкерлері.

Санаулы күндерде мешіт қызметкерлері Жақсыкүл апаның көңіл-күйін аулап, үйіне соқты. Қарттықпен төсек тартып қалған әжей көптен күткен мүгедектерге арналған арбасына қол жеткізді. Осылайша, жаны жабырқау қария, бір сәт болса да қуанышқа бөленді.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: