Тараз жұртшылығы хадистанушы ғалыммен кездесті

Тараз жұртшылығы хадистанушы ғалыммен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақтың тал бесіктен бастау алған көптеген салт-дәстүрлерінің астарында Ислам қағидасының жатқанын байқауға болады.

Атам заманнан мұсылмандық жолды ұстанған, намысы биік, ынтымағы ту болған қазақ даласында бүгінде мешіттер, медреселер көптеп салынып, халық діни сауатын арттырып жатыр. Жамағаттың ілім алуға, ұстаздардан дәріс тыңдауға деген ықыласы зор.

Осындай жұртшылықпен тілдесіп, рухани азық жинау, халықты бірлікке, иманға үгіттеу мақтатында бүгін «Һибатулла Тарази» мешітіне «Әл-Азһар» университетінің түлегі, Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетінің ұстазы, хадистанушы Ризабек Батталұлы қонаққа келді. Алматыдан ат артып келген ұстаз бесін уақытында жамағатпен жүздесіп, шүкір, тақуалық һәм  иман, сенім, ақырет жайлы уағыз-насихат айтты. «Аталы сөз – асыл қазына» демекші, ілімімен жұртшылықты сусындатқан ұстаздың насихаты жүректерді елжіретпей қоймады.

«Алла тағала сенің мықты көлік мініп жүргеніңе я ешек мініп жүргеніңе, болмаса қандай ұлт екеніңе қарамайды, Алла біздің жүрегімізге қарайды. Тақуалар – Құдай Тағаланың сүйіктілері. Сондықтан біз алдымен тақуалығымызды, иманымызды түзеуіміз керек. Алланың берген барлық нығметтеріне шүкір етуіміз керек. 1. Зекетті адалынан беру; 2. Харамнан сақтану (арақтан сақтану, шошқа етін жемеу, т.б.); 3. Мұсылманның берген уәдесінде тұруы; 4. Зинадан аулақ болу; 5. Аманатқа қиянат жасамау; 6. Бес уақыт намазға ұқыпты болу – ақыретте жеңіске жетуімізге септігін тигізбек,» – дейді Ризабек Батталұлы.

«Жақсы уағыз – жан азығы» деген көпшілік ұстазға көкейкесті толғандырған сұрақтарын қойып, мардымды да дәлелді жауаптар ала алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: