Он төрт ғасыр бұрын адамзатқа түскеннен бастап, әлсіздер мен міскіндерді қорғауына алған асыл дініміз Исламда жетімдерге жақсылық жасау, оларға қамқор болу, Алланың ризалығына жеткізетін, әрі пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шапағатына ие болатын ізгі амалдардан болып саналады.
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Менімен жетімге қамқорлық етуші адам жәннатта мына екі саусақ тәрізді жақын боламыз», – деп сұқ және ортаңғы саусағын көрсетуі де бұл істің абзал, әрі Алланың қош көрген салиқалы сүннет екендігін аңғартады. Қордай ауданы «Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен игі іс-шаралар атқарылды. Демеушілердің қаржылай көмегімен Алматы қаласындағы №1 жетімдер үйіне ұл балаларға 95 дана, қыз балаларға 52 дана киім, ұл балаларға 65 дана, қыз балаларға 60 дана аяқ киім сыйға таратылды.
Жүректері жаралы бүлдіршіндерді қуанту мақсатында ақ дастархан жайылып, мешіт қызметкерлері, демеушілер мейірімділік таныта білді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі