Келілі кездесу – тұщымды насихат

Келілі кездесу – тұщымды насихат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы аудандық әлеуметтік бағдарламар және жұмыспен қамту бөлімінің ұжымымен кездесу өткізіп қайтты. Кездесудің мақсаты – сала қызметкерлерінің  діни сауатын ашу, халық арасында ислам дінін насихаттау, секторлардан сақтау.

Кездесу барысында Дәуренбек Жандосұлы еліміздегі орын алған діни ахуал жайлы айта келіп, жат ағымдардың арбауына түсіп қалмауды баса айтты. Мекеме ұжымының көпшілігі жастар екенін ескере отырып, ислам дінінде жастық шақтың орны ерекше екендігін, сондықтан алтын уақыттарын бағалай білуге, өзін-өзі жетілдіруге  деген белсенділікті арттыруға жұмсауларын ескертті. Әр адамның тәлім-тәрбиесі оның бойындағы иманы деңгейіне байланысты екенін тілге тиек еткен Дәуренбек Жандосұлы ар мен намыс, ұят мәселелері жөнінде шариғатымыздан мысалдар келтіре отырып, сүбелі әңгімелер айтты. Кездесу барысында найб  имам қызметкерлер қойған сауалдарына жауап беріп, көкейде жүрген күпті жайттардың бетін ашып берді. 

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: