Т.Рысқұлов ауданы аудандық орталық «Сұлтан» мешіті мүмкіндігі шектеулі жиырма бес жарымжан, мүгедек балаларға жан жылулығының рахатын сездіру үшін ата – аналарымен бірге аудандық «Сұлутөр» кинотеатырына шақырды. Олардың жүректеріне қуаныш сыйлау мақсатында, «Жылы сөз – жан рахаты» атты арнайы рухани іс-шара ұйымдастырды.
Түрлі-түрлі ойындарға көшпестен бұрын, көңіл аулайтын шағын көріністер мен мерекелі әуенді концерт көрсетілді. Әріден, жеке тұлғалық қабілеттеріне «Үздік әнші», «Үздік биші», номинациялы сайыстар мен ұжымдық топтарға бөлінген «Ең зейінді», «Ең қабілетті», «Ең ақылды» жарыстары өткізілді. «Ойды дамыту» ойындарында әуелі балалар, содан соң ата-аналары жарысты. Жалпы, барлық шараға белсене қатысқан балалардың көздерінен ұшқын, жүздерінен мейірім, көңілдерінен қуаныштың лебі есті. Кездесу соңында ата-аналар тілектерін білдіріп, мүгедектер орталығының ұжымы алғыстарын айтты. Бас имам Сұлтаншәріп қажы Джадраев ақ батасын берді.
Әбілдә МЕЙІРХАНОВ