Дін проблемаларын зерттеу орталығының қолдауымен ТОО «Атлас Global» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен түзету мекемесінде жат ағым мәселесіне байланысты конференция өтті. Аталмыш жиынға Астана қаласынан ат артып келген Талғат Смагулов, Алматы қаласынан Азат Фазельжанов, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теологтары, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Таңа Тілмамбетов және Түзету мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Кездесуде қазіргі қоғамда орын алып жатқан мәселелер талқыланып, олардың алдын алу жұмыстары қарастырылды. Ел арасына іріткі салған ағымның исламға еш қатысы жоқ екендігі және ағымдардың сеніміндегі бұрыс тұстар сөз болып, түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
Айта кетелік, мұндай кездесулер жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді, сондай-ақ жалғасын әлі де таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.