Қасиетті Құран «Бақара» сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды. Алла тағала ислам діні арқылы адамға берілген денсаулық кепілі секілді, тазалыққа да үлкен мән береді және қоршаған ортадағы тазалықты қолдауға шақырады. Яғни тәніміз тазаланбайынша, жанымыз да тазаланбайды. Ислам барлық зұлымдықтан адамның руханиятын қорғау құралы болса, тазалық – аурудың қоғамда таралуына жол бермейтін негізгі құралы. Дін – бұл тазалық. Ислам дінінің өзі тазалыққа негізделген.
Осы мақсатта бүгін орталық «Һибатулла Тарази» мешіті мен қалалық 28 мешіт имамдары бастаған жамағат 9 аймаққа арнайы бөлініп, қалаға тазарту жұмыстарын жүргізді. Шара негізінде интернат сынды ғимараттардың аулалары, көшелер, көп қабатты тұрғын үй ауласы сынды жерлер қоқыстан тазартылды.
Қала тұрындары мешіт имамдары мен жамағаты бірлесе отырып атқарып жасап жатқан игі шағара разылықтарын білдірді. Сондай-ақ, осындай тазалық іс-шаралары алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.