Мейірімді жүрек, аялы алақан

Мейірімді жүрек, аялы алақан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ертөстік» балабақшасында аталмыш тақырыпта қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Мерекелік іс-шараға балабақшада тәрбиеленіп жатқан жас сәбилер мен ата-аналары, әкімшілік қызметкерлері, арнайы шақырумен ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев, орталық мешіттің іс-басқарушысы Амангелді қажы Беделбаев жасөспірімдердің мерекесін бірге мерекелеп қуаныштарымен бөлісті.

Бүлдіршіндер қонақтарға өз өнерлерін ән-би, тақпақ, түрлі мерекелік көріністерін тарту етті. Жаңа ашылған балабақша небәрі 6-7 ай ішінде көптеген жетістіктерге жеткені жайында слайт топтамасы мен видео көрініс көрсетілді.

Бірінші сөз кезегі қадірменді қонақ ретінде бас имам Батырбек қажыға берілді. Одан ары әкімшілік қызметкерлер, ата-аналар өз лебіздерін жеткізіп жатты.

Мерекелік дастарханнан дәм татып отырып, мерекелік бағдарламаны тамашалаған қонақтардың көңілдері қуанышқа толып, жүрек жарды шынайы ниеттерін білдіріп, «Аял алақан» атты акцияға құр алақан келмеген қонақтар сый-сыяпаттарын көрсетіп тарқасты. Қайырымдылық іс-шараға орталық мешіттен 20 000 теңге және бір кілем сыйға тартты.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: