Кейінгі кездері елімізде орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар қоғам тарапынан дін туралы дұрыс та, бұрыс пікірлер тудыруда. Дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру – халықтың діни сауатын ашу маңызды іс. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс шараларының аясы кеңейіп, түрлі аудиторияларда Қордай ауданының дін қызметкерлері теріс ағымдар жайлы уағыз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Дәуренбек Жандосұлы «Қордай электр желілері» ұйымының қызметкерлеріне ислам жайлы түсінік, терроризм мен экстремизмнің және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында дәріс өткізіп қайтты.
Стратегиялық маңызы бар мекеме қызметкерлері қатысқан басқосуда Дәуренбек Жандосұлы аталмыш тақырыптарды кеңінен тарқатып, түрлі сұрақтарға жауап қайтарды. Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы да қызметкерлер назарына ұсынылып, маңызды баптары таныстырылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі