Ораза айтта жұртшылық қайырға бөленді

Ораза айтта жұртшылық қайырға бөленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Құран Кәрімде «Тағабұн» сүресінің 16-18 аяттарында: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» дейді.

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде Ораза айт мерекесінің құрметіне қайырымдылық науқаны жүргізілді. Аталмыш іс-шарада 50 адамға 10 000тг қаражаттан беріліп, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаждарға қаржылай көмек көрсетілді. 

Отбасыларға үлістірілген көмекті ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев табыстады.

Айттық алған жанұялар қуаныштарымен бөлісіп, шүкірлік айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: