Бүгін «Һибатулла Тарази» мешінде қала және аудан имамдарының кезекті мәжілісі өтті. Жиында мұсылман жұртының қасиетті мерекесі болған ораза айының қорытындысы қаралып, есебі берілді. Осы айда атқарылған қызметтер, іс-шаралар мен қайырымдылық науқандары сөз болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан келген тапсырмалардың орындалуы қадағаланды. «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам университеті мен медреселерге ұсынылатын талапкерлер жағдайы талқыланды.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қозғай отырып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев аудан имамдарына бірқатар тапсырмаларды шегелеп тапсырды.
Имамдар қала мен аудандарда болып жатқан жайттарды ортаға салып, өз пікір, ұсыныстарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.