Берлесе пішкен тон келте болмас...

Берлесе пішкен тон келте болмас...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде түйіткілдің түйінін тарқатқан имамдар мәжілісі өтті. Аталмыш жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, аудан имамдары мен мешіт қызметкерлері қатысты.

Бас қосуда қоғамдағы мәселелер мен қызметтегі жайттар сөз болды. Айта кетсек, мазар басындағы шырақшылармен жұмыс жасау талап етілді. Өйткені, білімсіз шырақшылар халықты адасуға ұшыратып жатқан жайттардың баршылығы жасырын емес. Мешітте имамдар ата дініміз исламды, шариғатымыздың талаптарын түсіндіріп жатса, шырақшылар білімсіздікпен қате түсінік қалыптастырып жүрген-ді. Осы мәселенің астарын ақтарып, олардың сауатын ашып, бір ізділікке түсіру мәселесі қарастырылды. Заңсыз, ата дінімізге жат дүниелерді насихаттайтын орындарға мемлекеттің мақұлдауымен айыппұл салуға құқықтың бергендігі тілге тиек болды. Сондай-ақ, басқа жат ағымдағы азаматтармен жұмыс жасау, аудандық, қалалық газеттерге мақалаларды көптеп жариялау сынды тапсырмалар жүктелді.

 «Қазіргі жат ағымдардың белең алған заманында қоғамда сауатты да иманды ұрпақ тәрбиелеу үшін діни білім ауадай қажет. Осы тұрғыда Білім министрлігінің өзі діни сауат ашу курстарына рұқсат беріп отыр», – дейді Жангелді Омаров.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: