Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс

Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары», – дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал, мешіттің қабырғасынан  діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы.

Осы бір күллі мұсылманды төрт қабырғаға сыйдырған Алла үйі Сарысу жерінен бой көтерді. Мұсылмандардың ұлық мерекесі Ораза айттың құрметіне ашылу салтанаты өткен мешітке ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев арнайы барып, аудан жұршылығына құттықтау айтып, ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар осы ауданның әкімі Бейбітбек Жайлыбаев халыққа Ораза айт мерекесімен әрі ауданның жаңа мешітпен толығуымен құттықтап сөз сөйледі.

Аталмыш мешіттің салынуына «Ассанабил» қайырымдылық қоры демеушілік етті.

Мешіт әкімшілігі дүбірлі тойға ат артып келген қонақтарға шапан жауып, құрмет көрсетті.  

Сарысу ауданының тұрғындары халықты ізгілікке байтайтын тағы бір орынның салынғанына дән риза.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Расында, мүмін-мұсылман мешітке келсе, Алла Тағала: «Пендем Мені зиярат ете келіпті, оның сый-сияпаты менің құзырымда, мешітке келген адамға жәннаттан басқа сыйлыққа еш риза емеспін», – деп айтады. Осы орайда, қазақ даласында мешіттер салына берсін, иманды қоғам арта берсін дегіміз келеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: