Ораза айтта халық тегін жол жүрді.

Ораза айтта халық тегін жол жүрді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза айт мейрамы. Айт – қуаныш пен шаттыққа толы күн деген мағынаны немесе «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Алла Тағала айт сайын адам баласына әртүрлі жақсылықтар жаудырады. 

Осы айтулы ұлық мерекеге орай Жамбыл облысының рухани жүрегі болған «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйытқы болуымен облыстағы аудандардан қалаға, қаладан ауданға қатынайтын қоғамдық көліктер мерекеге орай тегін қызмет көрсетті.

Барлық автобустарға «Ораза айт қабыл болсын!» деген құттықтаулар ілініп, жамағаттың жол жүруіне үлкен жеңілдік жасалды. Әрбір ауданның бас имамы жолаушыларға сәттілік тілеп, айт мерекесімен құттықтады.

Мұндай қайырымды іс-шараға тап болған жұртшылық шаттықпен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

Мойынқұм ауданы

Байзақ ауданы

Жамбыл ауданы

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: