Жомарттық жаршысы - Ораза айт.

Жомарттық жаршысы - Ораза айт.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Мойынқұм аудандық мешітінде 7:00 де айт намазы оқылды. Мешіт іші жамағатқа толысты. Ауданның бас имамы З.Исаев келген  жамағатты Ораза айтпен құттықтап, уағыз айтты. Аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Естаев жамағатты халыққа Ораза айтпен құттықтау сөзін жеткізді. Ораза айттың құрметіне «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен айттың бірінші күні Мойынқұм ауданынан Тараз қаласына, айттың екінші күні Тараз қаласынан Мойынқұм ауданына   18 орынды (бусик) тегін жүру акциясы ұйымдастырылды.

Айт намазының  соңында Құран жарысына қатысқан 25 бала,1 қыз балаға (кепка, футболка, доп) берілді және бірінші, екінші орынға велосипед, бір қыз балаға қаржылай 3000 мың теңге сыйлықтар табысталды. Барлық  сыйлықтардың  құны – 150 000 мың теңгені құрайды.

     Мойынқұм аудандық мешітінің алдында Ораза айттың құрметіне ауданның тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы аналарға азық-түлікпен қайырымдылық жасалды. Қайырымдылыққа  40 000 мың теңге жұмсалды.

     Айт намазы оқылып болған соң жасөспірім балаларға арналып мешіт алдында батут тігілді, сонымен қатар 300 балмұздақ таратылды. Барлығы 30 000 мың теңге жұмсалды.

     Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік ауылы Бірлік мешітінің имамы Мейрамбек Әбдібековтың ұйымдастыруымен 7 (жеті) отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көрсетілді және мешіт алдында балаларға балмұздақ  таратылды. Қайырымдылыққа барлығы – 30 000 мың теңге жұмсалды.

Ә. Сүйіндік

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: