Ораза айт мейрамы ұлықталды

Ораза айт мейрамы ұлықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Алла тағаланың разылығы үшін бір ай ораза тұтқан исі мұсылман баласы үшін ұлық мереке – Ораза айт мерекесі басталып кетті.

Бұл күнді біздер Алла тағала қасында ұлық болған Рамазан айын зор құрметпен шығарып салып тұрып, үлкен сауап пен нығыметке қауышқанымыз үшін мерекелейміз. Таң сәріден мешітке ағылғандар  қатарының әдеттегіден көп болуы да содан болар.

    Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешіттің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев мешітке келген жамағат алдында он екі айдың ішінде ұлық болған Рамазан айының қасиеті, айт мерекесінің ерекшелігі жөнінде уағыз айтып, дініміздің қуатты, күніміздің шуақты, аспанымыз ашық, ел іргесінің бүтіндігін  Алла тағаладан тілеп дұға жасады.

    Айт намазына арнайы келген аудан  басшысы Жарлықасын Айтақов мұсылман жамағатын Ораза айт мерекесімен құттықтап, Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатына сай барша облыс жұртшылығына бірлік пен береке, өзара түсіністік пен ынтымақ тіледі.

   Айт намазынын соңы қайырымдылық іс шаралармен жалғасты.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: