Рамазан Құран айы болғандықтан қасиетті айдағы жақсы амалдардың бірі – Құран хатым ету. Биылғы жылы Рамазан айының бірінші күнінен бастап Шу қалалық «Жәми» мешітде арнайы қарилар алдырып, тарауық намазында хатым түсірілді. Тарауық намазының соңғы күні Жәми мешітінде қасиетті Құран Кәрім хатым етіліп батасы жасалды.
Қаланың бас имамы келген қариларға алғысын білдіріп, жамағат атынан дәстүріміз бойынша ат мінгізіп, мешіт жамағаты Сайфуддин қажы жас қариларға бата беріп, жақсылық тіледі. Соңынан бас имам тарауық намазынан қалмай бір ай бойы қатысқан мешіт жамағаты жасы үлкен қарияларға мешіт атынан 1 кілемнен он бес кілем сыйға тарту етілді. Мешіт ұжымына өздерінің ризалығын білдірген ақсақалдар ақ батасын беріп Жаратушы Иемізден елімізге тыныштық, халқымызға амандық тіледі.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі