Ораза айт мекересін қалай өткізу керек?

Ораза айт мекересін қалай өткізу керек?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бүгін Рамазан айының аяқталуымен ортамызға енген ұлық Ораза айт мерекесіне орай, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек пен «Жасыл Ел-Тараз» бас маманы, шебер Айдын Бейсеков БАҚ өкілдеріне сұқпат берді.

Айт мерекесінің қадір қасиеті жайында, жамағаттың бұл мерекеге ерекше ынта-ықылас қоятыны турасында сүбелі сұқпат жүргізілді. Найб имам ораза айт мерекесін қалай өткізу керек, оның қасиеті неде, ондағы ризықтар мен ел бірлігі, айт мейрамында жасалу керек амалдар жайында айтып өтті.

Абдулла ибн Масұдтан (р.а.) жеткен ха­дисте: «Мүмін пенделер Рамазан айының ора­засын толық ұстап, айт күні намазға бет алғанда, Алла тағала періштелерге: «Ей, періштелерім, адамзат бейнет атқарса, ақысын талап етеді. Пенделерім Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға мешітке бет алды. Олар Мен үшін ораза ұстады, Менің пәрменіммен ауыз ашты, енді қуанышқа кенелсін. Сендер куә болыңдар, оларды жарылқадым», - делінген.

Жоғарыда көрсетілген сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, «Қазақстан Тараз» және «77» телеарналарын қарай аласыздар!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: