Абай Хәкімнің: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және хақ жол осы деп әділетті», – деп айтқанындай, дініміз Ислам адамдар арасында бауырмашылық пен өзара сүйіспеншіліктің болуына шақырады. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне үңілер болсақ, адамзатты көркем мінезге баулып, жамандық атаулыдан бойын алыс ұстауға үйретеді.
Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі болған орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде айт мерекесінің құрметіне қайырымдылық науқаны өтті. Аталмыш іс-шарада 15 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Мұсылмандардың ұлық мерекесінде кәделі болған отбасылар шын жүректен шыққан қуаныштарымен бөлісіп, алғыстарын айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.