Әйелдер жамағатына ауызашар берілді

Әйелдер жамағатына ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айы мұсылмандар үшін нағыз сауапқа кенелетін мерзім. Осыны ұғынған елордадағы ауқатты азаматтар мен кәсіпкерлер биыл жаппай Алла үйінде ауызашар беруде. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім, ораза ұстаған бір мұсылманның аузын аштырса (ауызашар берсе), ораза ұстаушының сауабындай сауабқа ие болады. Әрі оразашының ешбір сауабы кемімейді» дейді.

Бүгінде мың айдан қайырлы он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айымен қимай қоштасатын Рамазан айының соңғы оразасы күні жетіп, «Һибатулла Тарази» мешітінде әйелдер жамағатына арналған ауызашар өтті.

Ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ибалы қыздар мен бақ гүлі болған балалар мешіт дастарханында бас қосты. Келген жамағатқа сый-сыяпаттар үлестіріліп, Құран оқылды.

Ораза айт мерекесі алдындағы отырыс үшін көпшілік алғыстарын айтып тарқасты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: