Рамазан айы – мейірімділік, қайырымдылық айы. Бұл айда мұсылмандар пітір таратады. Бір-біріне қолынан келгенше қайырымдылық жасайды.
Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, қазақ тіршілігінде түрліше іске асырылып отырғандығы жайында мәліметтер беру, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыт беру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір-біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Ораза айт мерекесіне орай өткен көпбалалы, мұқтаж отбасыларға жасалған қайырымдылық іс-шарасы үшін жанұялар қуанысып алғыстарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі