Ілім-білім жолында жүргендердің Исламда қадір-қасиеті биіктей түседі. Өйткені, білім талабы – үлкен дәреже. Білім мен ғалымның қадір-қасиеті туралы Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?».
Бүгін сауат ашу курсының ұлдар бөлімінің жазғы І маусымы өз мәресіне жетті. Ұстаздар әдебі мен ахлақы түзу, сабақта белсенді, зейіні жоғары, үздік оқыған балаларға түрлі сыйлықтарды тарту етті. Сондай-ақ, балдырғандарға ертеңгі ұлық мереке айттың құрметіне балмұздақ таратылды.
Жазғы демалыстарын ұтымды пайдаланып, діни сауатын ашып, Құран оқуды үйренген балалар ораза айт мерекесінен кейін 2 маусымда ілім ордасымен, бауырларымен қайта қауышпақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.