Ұлы мерекеге айттық таратылды

Ұлы мерекеге айттық таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін  Ораза айт мерекесінің құрметіне аудандық «Қордай» мешіті «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қашанда қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырып, тұрмысы төмен отбасыларға қарайласып тұратын мешіттің бұл жолғы акциясы 10 отбасыны қамтыды.

Акция барысында Рамазан айында мешітке көмек сұрап келген көп балалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға, мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандарға әрқайсысына 10 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік  жиынтықтары таратылды.

Жиынтық 50 кг ұн, 25 қант, 5 литр сұйық май, 5 кг макарон, 5 кг күріштен құралды.  Қасиетті рамазан тек құлшылық айы ғана емес. Бұл айда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ауыз бекітіп, ораза ұстаумен қатар, көптеп жақсылық жасауды, садақа беруді, жұртқа көмектесуді бұйырған. Осы арқылы қоғамның барлық мүшелерінің бір-бірімен бірлігі артып, қасиетті рамазан айының нығметін сезе түсуі тиіс. Осыны жіті түсінген Ж.Шалбаев бастаған мешіт ұжымы  көмек алушыларды Рамазан айтымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Аудандық «Қордай» мешітінің  баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: