Рамазан –қайырымдылық айы

Рамазан –қайырымдылық айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінде қасиетті Рамазан айында қайырымдылық іс-шаралары өткізілді.

Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16-18-аяттар).

Қасиетті айда қайырымдылық тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, жолаушыларға, ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) балаларды қарайтын «Аққайын» балабақшасына жасалды.

Көмек алған мұқтаж жандар өз баталарын беріп, қайырымды жандардың ақысына өз алғыстарын білдірді. Рамазан айының құрметіне атқарылып жатқан осы игі шаралар әлі де жалғасын таппақ.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: