Ауданда ауызашар берілді

Ауданда ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданда ауызашар берілді

Аудан орталығында ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берілді. Оған барлық ауылдық округтерден аузы берік қадірменді қариялар, апа-әжелер шақыртылды.

Ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев өткен мұсылмандарға бағыштап Құран оқыды.

Сөз аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарас Мұратайға беріліп, ол жиналған қауым атынан оразаның салтын ұстанып, қарияларға құрмет көрсетіп, ауызашар  ұйымдастырғаны үшін аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Жамиғатты қасиетті Рамазан айымен құттықтаған аудан  әкімінің міндетін атқарушы Әбдікерім Уркумбаев Оразаның адамды төзімділік пен шыдамдылыққа, сабырлық пен  тәубашылыққа баулыған қадір-қасиеті туралы айтты.

Аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков те Оразаға бет бұрған жамағат қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатқанына разылық білдіре отырып, игі тілегін білдірді.

Ауыл-аймақтан келген  қариялардан Әбдімәжіт Дәуренов, Сайлаубек Оразбаев т. б. сөз алып, Рамазан айының  қадір-қасиеті, жастарға берер тәлім-тәрбиесі жайлы сөз етті.

Ауданның қадірменді қариясы Мырзатай Әбітаев дастарханға бата берді.

С. Мейрамов.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: