Шу ауданында Құран жарысы өтті

Шу ауданында Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жастардың рухани кемелденуіне бағыт беріп, имани тәрбиеге баулу мақсатында әдеттегіндей Шу аудандық Мәдениет үйінде «Діні беріктің-діңгегі бұзылмас» атты Құран жарысы өтті.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бастамасымен және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен, өткен Құран жарысына, Шу ауданына қарасты ауылдық мешіттердің жас шәкірттері қатысты.

Аталмыш шараға 25 жеткіншек қатысып, қазылар шешімімен бас жүлде Д.Желдібевқа бұйырып, велисопед иеленді. Алтын және күміс түстес құран сақтағыш I, II, III орын иегелерлері Біләл Кадзимов, Абдулла Жалалиев, Нұрәлі Әбдіразақ сынды болашақ қариларға бұйырды.

Сонымен қатар қосымша 1 орынға 20 000 теңге, 2 орынға 15 000 теңге және 3 орынға 10 000 теңге ақшалай сый берілді.

Рухқа толы бұл кеште Мақтымқұлының термесін Ербосын Қасымбек орындап, көптің ықыласына бөленді. 

Құран сайысына арнайы шақырылған қонағымыз Алматы орталық мешітінің найб имамы Оралхан Рахматбекұлы қасиетті Рамазан айының қадір кешінің мән-маңызы жайлы әсерлі уағыз-насихат айтты.

Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлы, найб имамы Талғат Сейткереев және қонағымыз қари Нұрмұхаммед Сейітқасымовтан тұратын қазылар алқасы жарыстың жай-жапсарын талдап, жас қатысушыларға тиісті бағаларын беріп сәттілік тіледі.

Жыл сайын өтетін бұл игі-шара биылғы жылы ерекше ауқымы кеңейіп, жоғарғы дәрежеде өтті.

Шу аудандық Төлеби мешітінің  баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: