Жамбыл облысының аудандары Қадір түнін қалай өткізді?

Жамбыл облысының аудандары Қадір түнін қалай өткізді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешіті

Алла Тағала нәсіп етіп биылғы жылы да «Төле би» мешітінің жамағаты қасиетті Рамазан айының «Қадір» түнін өз денгейінде өткізді. Алланың қалауымен, аңсаған жамағаттың дұғасымен ауданымызда екінші жылы қасиетті Құран кітабы басынан аяғына дейін оқылып, хатым түсірілді.

Хатымды басынан аяғына дейін оқыған арнайы Астана қаласынан шақырылған Нұрмухаммед және Темірлан атты қарилар жамағатты қасиетті Құран аяттарымен сусындатты.

Мешітке келген жамағат тарауих намазын оқып, мешіттегі игі іс-шараларға белсенді түрде қатысты.

Қадір түнінің ерекшелігі турасында әсерлі уағыз-насихаттар айтылып, бейне роликтер көрсетіліп, таң намазына дейін сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.

Қари бауырларымызға жамағат алдында құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жауып, ақсалдарымыз өз баталарын берді. Келген жамағатқа сәресі асы таратылды.

Алла баршамызға келесі жылғы он екі айдың сұлтаны Рамазан айына жетуімізді нәсіп қылсын, амин.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

 Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешіті

     Түндердің төресі, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын Қадір кеші – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн. Осы қасиетті түні Мойынқұм аудандық мешіт іші жамағатқа толысты.

     Жамағатқа арналып мешіт алдына дастархан жайылып, ауызашар берілді. Бас имам З.Исаев жиналған жамағатты Қадір түнімен құттықтап, қадір түнінің қасиеті жайлы уағыздар айтты. Аудан әкімінің орынбасары М.Естаев жамағатты Қадір түнімен құттықтап жылы лебізін білдірді.

     Тарауых намазы оқылып, аудандық мешітте жазғы сауат ашу курсында дәріс алып жүрген  шәкірттер Құранды мәнерлеп оқып, ақшалай сыйлықтар алды. Жиналған жамағатқа Қадір түнінің қасиеті жайлы түрлі видио роликтер көрсетіліп, діни сұрақтар қойылып, кітаптар таратылды.

     Жамағат сәресі ішіп ниет етіп, таң намаздарын оқып үйлеріне тарқасты. Мойынқұм ауданына қарасты «Қасымбек қажы» мешітінде ауыл жастары арасында Құранды мәнерлеп оқудан жарыс өткізілді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді. Ал 1 орынды қанжығасына байлағанға велосипед сыйға тартылды.

Мойынқұм аудандық мешіті

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешіті

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде ауыл тұрғындары қадір түнін жамағатпен бірге мешітте қарсы алды. Қадір түнінде жасалған ғибадаттардың сауабы мол. Өйткені, қадір түні мың айдан да қайырлы. Ауыз бекіткендер үшін ауызашар беріліп, соңында сәресі де берілді. Таң атқанға дейін жер бетіне періштелер түсіп, бірде-бір бос орын қалмайды. Періштелердің саны майда тастардың санынанда көп болады.

Балаларға қадір түніне деген қызығушылықтары арту үшін ойындар өткізіліп, сұрақ жауаптар қойылды. Жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар берілді. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизов пен найб имам Айбек Каримбаев жиналған қауымға уағыз-насихаттар айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қадір түнінде жасалған құлшылықтарымыз қабыл болсын. Амин!

 «Байзақ баба» мешіті

Шу қалалық «Жәми» мешіті

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айыныңы 27-ші түні – қасиетті қадір түні. Қадір түнін еліміздің түкпір-түкпіріндегі барлық мешіттерде қарсы алып, жиналған жамағат құлшылық ғибадаттарын жасап Аллаға жалбарынып мінәжат жасайды.

Шу қаласындағы мешіттерде Қадір түнін өз дәрежесінде қарсы алып, қалалық «Жәми» мешітінде 500 адамға  кешкісін ауызашар беріліп, сәресіге дастархан жайылып ас берілді.

Қадір түнінің құрметіне аудан әкімінің орынбасары Әбілашұлы Алихан және аудандық маслихаттың хатшысы Ержан Көрікбайұлы құттықтау сөз сөйлеген соң  тарауық намазы оқылып, сәресінің уақытына дейін уағыз айтылып, бейнероликтер көрсетіліп, жамағат арасында сұрақ-жауап қойылып, жауап берген адамдарға сыйлықтар үлестірілді.

Сонымен қатар «Қадір түні – қайыр түні» демекші қаладағы жағдайы төмен 10 отбасыға 1 кілем, 1 қап ұн және 10 мың теңгеден жалпы алғанда 100 мың теңге 10 қап ұн, 10 кілем үлестірілді.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: