Жазғы ілім курсының І маусымы тәмәмдалды.

Жазғы ілім курсының І маусымы тәмәмдалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ілім алу, Алланы тану – адамзат үшін басты міндет. Ал келешегімізді иман жолымен тәрбиелеп, ислами құндылықтарды бойға сіңдіру әрбір мұсылманның міндеті. Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді.

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының жазғы І маусымы өз мәресіне жетті. Бір ай бойы әдеп-ахлақын түзеп, діни сауатын ашқан қыздар бүгін сынақтан өтті. Ұстаздардан алған тәлім-тәрбиесін емтиханда көрсетіп, үйренген ілімдерімен бөлісті.

 Сондай-ақ, маусымның аяқталуына орай, бастауышы кіші топ, бастаушы үлкен топ, жалғастырушы кіші топ пен жалғастырушы үлкен топтар мерекелік іс-шаралар өткізді. Алдында хабарлағандай ең кіші топ бастаған шара жалғасын тауып, балалардың өнерін ортаға салып дайындаған 4 бірдей Рамазан айына арналған мерекелік бағдарламалары жүргізілді.  Іс-шара қонағы болған ата-аналар мен ұстаздар, діни басқармадан келген қонақтар, ілім алушы шәкірттер шарадан алған әсерлерімен бөлісті. Балдырғандар әйелдер намазханасын сәндеп, Құран оқып, Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, жүрек тебірентер қойылымдар қойды. Жүрек жарды өлеңдерін, шығармаларын оқып,  хадистерден сыр шертті.

Бүгін маусымның соңғы күні емтиханнан соң өткен өткен мерекелік рухани кештен соң мешіт атынан балаларға тәтті сусын таратылды. Балалар ұстаздарға алғыстарын білдіріп, келесі ІІ маусымға дейін қимай қоштасты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

"Кәусәр" тобы

"Ханифа" тобы

"Раййан" тобы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: