«Рамазан – рақым айы» науқаны

«Рамазан – рақым айы» науқаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айында қайырымдылық шарасын көптеп ұйымдастыру жөнінде үндеу жасаған болатын. Осыған орай, Қасиетті Қадір түні қарсаңында Талас аудандық «Қаратау» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Талас аудандық мешітінің бас имамы Н.Алиевтың ұйытқы болуымен аудандағы тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 80 отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көрсетілді. Атап айтқанда, 20 отбасына 1 қап ұн, 1 қап қант, 5 литр май таратылып, 13 отбасына 1 қап ұнан таратылса, 43 отбасыға азық-түлікпен (әр адам басына – макарон 2 кг, ұн 4 кг, күріш 1 кг, қант 1 кг, сұйық май 2 лт, шәй 250 гр, құрма 1 дана, тәттілер) көмек көрсетілді. Мұқтаж отбасылардың тізімі мешітке өтініш білдірген жандар мен қалалық әкімдік ұсынған отбасылардан құралған.

 Кімде-кім Рамазан айында кедей-кепшік, жетім-жесірлерге қол ұшын созып, көмек көрсетсе, Алла оның сауабын еселеп беретіні сөзсіз. Алла Тағала Құран Кәрімнің "Ниса" суресінің 127 аятында:  «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - дегендей бұл қасиетті айда жағдайы төмен мұқтаж жандарға қол ұшын беру – үлкен сауап.

Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: