Қадір түнінің сыйы

Қадір түнінің сыйы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қадір түні – Рамазан айының ішіндегі қадірлі түн. Ислам ғұламаларының мәліметі бойынша, қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінде жасырылған. Қасиетімен зор мағынаға ие түнде алғаш рет Құран сүрелері жерге түсірілген. Сондықтан, мейілінше дұға етіп, құлшылықпен өткізген абзал.

Қасиетті түнде жасалынған бір құлшылығымыз 83 жыл жасалынған мінәжәттың сауабына татиды. Бұл түннің “Қадір түні” деп аталуының екі мәні бар: Біріншісі – адамдардың келесі жылғы өмірі мен өлімі, ризық-несібесі, тағдыры белгіленетін түн. Екіншісі – Қадірлі, қасиетті, ұлық түн. Мың айдан артық бұл түн – өзге түндерден қадірі асқақ, олардан ұлық, берекесі мол. Сол себепті де «Қадір-қасиеті мол түн» деген атауға ие болған.

Шілде айының 1-нен 2-не қараған түні Құлан ауылының жұтшылығы қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Т.Рысқұлов ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев Қадір түніне жиналған жамағатқа: «Қадір түні – адамзат баласын бірлікке, бауырмалдыққа, ата-ананы құрметтеуге, жақсылыққа шақыратын рухани сәт. Көптеген ауылдағы атқарылып жатқан игі істер де осы бірлігіміздің, иманымыздың арқасы. Баршаңыздың қасиетті Рамазан айымен және бүгінгі Қадір түні тілеген тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын,» - деп жылы лебізін білдіріп құттықтау айтты.
Қадір түні мешітке келген жамағатқа Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде ауызашар мен сәресі уақыт аралықтарында үзбей дастарқан жайылып тұрды. Имамдар алдын ала дайындалған бағдарламаға сәйкес, Рамазан айы, Қадір түні, ораза тақырыптарын қамтыған уағыз-насихат айтып, мешітке келген жамағат қасиетті түннің маңыздылығы мен ерекшеліктері жөнінде кеңінен мағлұмат алды.Таңғы сәрелерін мешіт алдына ішкен жамағат таң намазын оқып, Алла Тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етсін деген ниетпен тарқады.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: