Қасиеті мол Қадір түні

Қасиеті мол Қадір түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мінекей, көптен асыға күткен құт айы Рамазан да өзінің соңғы күндерін өткізіп, қасиетті мол Қадір түніне жеттік. Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден  ерекшеледі. Аудандық «Қордай» мешітінің жамағаты мың айдан қайырлы, дұғалар қабыл, сауабы 83 жылмен тең болатын қасиетті Қадір түнін ерекше құлшылықпен қарсы алды. Қадір түнін мешіт ұжымы жоғары дайындықпен өткізді.

Рамазан айы бойы үзілмеген ауызашарда Қадір түнінде жомарт бауырларымыздың себебінен өз жалғасын тауып, Қадір түнінде де ауыз ашар берілді. Құптан намазына мешітімізге келген  жамағаттың санында көз жоқ. Алғашқы сөзінде Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай Қадір түнімен құттықтап,  Қадір түнінің қасиеті жайлы  уағыз айтып, жамағат тарауих намазына сапқа тұрды. Бұл қасиетті түнде Рамазан айы бойы түсірілген Құран хатымы толық аяқталып, хатым дұғасы жасалынды. Тарауих намазы арасында аудандық «Қордай» мешітінің имамдары дайындаған сұрақ-жауап ойнатылды. Бас жүлдеге Құран Кәрім тәпсірі және 20 000 теңге, екінші күрделі сұраққа жауап бергенге үлкен кілем, Алла елшісінің  (с.ғ.с) өмірбаяны сияқты  сыйлықтар берілді. Үлкен-кіші болып білім сайысына жамағат белсене қатысты. Мешіт имамдары кешті өзінің уағыздарымен безендіріп жалғастыра кетті.

 Дін жанашырларының демеушілігімен асханада жиналған жамағатқа сәресі дастарханы жайылып, бауырларымыз  ауыз бекітіп, келесі күннің оразасына ниет етті. Жиналған қауымның сөзіне жүгінсек бұл түн ерекше түн, рухани кемелдену түні, мұсылмандық бауырмашылдықты нығайтатын түн, иман деңгейінің көтерілуіне үлкен септігін тигізген түн болды деп  разылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып жатты. Таң намазы оқылып, дұға жасалып, жамағат үйлеріне тарқасты. Раббымыз осындай ұлық күнде жасалған ғибадат құлшылықтарымызды, дұғаларымызды қабыл еткей!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: