Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. «Кең болсаң – кем болмайсың» дейді да халық.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деп өсиет еткен.
Бүгін 83 жылдан қайырлы қасиетті қадір түніне орай қайырымдылық науқаны өтті. Аталмыш науқанда әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мұқтаж жандарға ет үлестірілді. Бұл іс-шарада 150 отбасыға көмек көрсетілді. Науқан барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев көпшілікке ораза айы туралы және қадір түні туралы сүбелі сөз сөйледі.
Қайырымдылық нысаны болған жанұялар қасиетті қадір түніне арналған қайырымды іс-шара үшін мешіт әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.