Рамазан – мейірім айы

Рамазан – мейірім айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан мейірімділік пен жомарттық айы екені баршамызға аян. Алла елшісі (с.ғ.с)  Рамазанның соңғы он күнінде ерекше жомарттық танытанын деген Айша анамыздан жеткен мәшһүр хабарды білмейтін мұсылман жоқ шығар. Міне, аудандық «Қордай» мешіті де қасиетті айда, «Мұқтаждың мұңын бөліс» акциясын ұйымдастырып,  жаны жайсаң бауырларды осындай сауапты істі атқару үшін бас қосты.

Ұйымдастырылған қайырымдылық науқаны Қадір түні қарсаңында өтіп, бірнеше жанды қуанышқа бөледі. Акция барысында 45 асыраушысынан айырылған отбасыға әрқайсынан 50 000 теңгеден үлестіріліп, қайырымдылық шарасына 2 250 000 теңге көлемінде қаржы жұмсалынды. Рамазанның шуағын сезінген жандар  мешіт ұжымына және демеушілерге алғысын жаудырды.  Рамазандағы игі шараларды атқару аудандық «Қордай» мешітінің ұжымымен  Алла нәсіп қылса әлі де жоспарлануда.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: