Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айында қайырымдылық шарасын көптеп ұйымдастыру жөнінде үндеу жасаған болатын. Осыған орай, Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан – рақым айы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында аудандық «Сұлтан» мешітінің демеушілік етуімен ауылдағы жағдайы төмен отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.
«Рамазанның берекесі мейірімділік көрсетумен және ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ жітікке қарайласу – мұсылманның мерейін үстем қылады. «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жихад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты»,- деген Пайғамбарымыз (с.а.с), - деді бас имам А. Исаев. Мұндай сауапты істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.