«Бірі – кешкісін ауыз ашарда, екіншісі - Жаратқан Алла тағаланың алдында тұрған сәтте. Алла Тағала: «Адамзат не істесе де өзінікі, бірақ оразадан басқасы, ораза менікі. Мен оның есесін өзім беремін. Ол Мен үшін ішіп-жеуін, нәпсісін тыйды ғой» деген. Алла тағала қиямет күні ораза тұтқан адамды жәннаттың арнаулы қақпасына кіруге шақырады. Хадисте бұл туралы: «Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан қиямет күні ораза ұстағандар кіреді» делінген.
Осы аптада, ораза ұстанған жамағатқа арналып Мойынқұм аудандық мешітінде, Бірлік мешітінде, «Ар-Рахмаан» мешітінің алдында ақ дастархан жайылып ауызашар берілуде. Ақ дастархан басында ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты аналарымыз ақ тілектерін айтып, баталарын берді. Мешіт имам-молдалары сүбелі уағыздарын айтып, ауызашар соңында Құран оқылып, жамағат тарауық намазына тарқасты.
Ә.Сүйіндік