Медресе түлектері диплом алды

Медресе түлектері диплом алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шын мәнінде білім – біздердің қателіктерімізді түзеуге, бағытымызды нақтылауға, білім иелерімен бәсекеге түсуге, ең бастысы Алладан шынайы қорқуға алып келеді.

Адамзаттың ұстазы болған Пайғамбар (с.ғ.с) білім алуға байланысты көптеген хадистер айтып кеткен. Солардың бірі «Білімді бесіктен көрге дейін ізденіңдер» десе, тағы бір хадисте «Білім іздену барлық мұсылманға парыз» деген. Мұндай хадистерді ұғынған кез келген мұсылман үшін білім ізденуге қашанда құштары артары анық.

Бүгін «Һибатулла Тарази» медесесінің шәкірттері 3 жылдық оқуын аяқтап, дипломдарын қолдарына алып, маман атанды. 2016 жылғы түлектердің 2-і қызыл, 8-і көк дипломға қол жеткізді.

Студенттерге дипломды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр қажы Жұмабаев пен Мысырлық ұстаз Сулейман Саид табыстады. Медресенің екінші түлектері атанған шәкірттерге ұстаздар сәттілік тілеп, ілім деген аманатты жүктеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: