Мұқтаждарға ет таратылды

Мұқтаждарға ет таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», -  демекші, қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен. 

Алланың разылығын іздеген, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеттерін ұстанған, дінді түсінген және Аллаға ғибадатын тек рухани және тәнімен ғана емес, қайырымдылық ізгі істер арқылы да жасаушы жандар аз емес.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен және қайырымды жандардың қолдауымен жұма күні қасиетті Рамазан айының құрметіне 20 отбасы төмен мүгедек жандарға еттей қайырымдылық көмек көрсетілді.

Аллаға сансыз шүкір еліміздің егеменді ел болғалы Ислам діні кеңінен уағыздалып жұртымызға Алланың мейірімі төгілуде.

Құран кәрімде: «Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер (тиісті орынға мал сарып қылсаңдар), оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ.» (Тәғабун сүресі 17 аят).

Алла Тағала баршамызды Өзіне жақын әрі сүйікті құлдарының қатарында болуымызды нәсіп етсін, Әмин. 

Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: