Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде күн сайын ауызашар беріліп жатыр. Өйткені, сауаптардың ең ұлығы ол ауызашар болып есептеледі. Ол жайлы хадисте Жәбир былай баяндайтын: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Ұлы әрі Құдіретті Алланың әрбір ауызашар кезінде Оттан босататын (құлдары) бар. Әрі бұл әрбір түн сайын орын алады!» (Ибн Мәжаһ). Сондай-ақ Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Адамдар ауызашарларына асыққандарына дейін игілікте болады» (әл-Бухари). Осындай игі істерде «Байзақ баба» мешітінің жамағаты атсалысып жатыр. Қабыл болатын дұғалардың бірі ауызашар уақытында. Сол себепті еліміздің тыныштығын, амандығын тілейік! Ораза ұстаған жандар.