Ауданнан шалғай орналасқан Тәтті елді мекенінде заман талабына сай салынған «Тәтті» мешіті жанында күрделі жөндеу жұмыстары өтті. Ауылдың көркін кіргізіп тұрған мешіт өз жамағатымен көрікті. Бүгінде жамағат саны күн санап көбейіп, арту үстінде. Әрине, бұл жақсы көрсеткіш мешіт қызметкеріне тікелей байланысты.
Ауылдың сый-құрметіне ие болған Асхат Көпбосынов қызметін аброймен атқаруда. Бүлдіршіндер тәрбиеленіп жатқан «Арайлы» балабақша меңгерушісі Ақмарал Ерболатқызы Рамазан айының қайырымдылық рахым айы екенін ескеріп мешітке келіп, болашақ жас ұрпаққа дұға тілеп, ауыл молдасы Асхатпен кездесіп, әңгіме өрбітті. Нәтижесінде, мешіт молдасы ораза айының ішінде балабақшаға арнайы баратынын айтты. Уәдесінде тұрған молда, балабақшаға құр қол бармай 3 кілем балаларға сыйлық ретінде түрлі ойыншықтар табыс етті. Балдырғандарға сый-сыяпатпен келген молда дұға жасап, мекеме қызметкерлеріне еңбектеріне табыс тілеп қайтты.
Аудандық «Меркі ата» мешіті