Құдық қазу – сауапты іс

Құдық қазу – сауапты іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (Алланың оған сәлемі және рахметі болсын) бір сөзінде: «Кісі амалы өмірден өтумен үзіледі. Бірақ үш нәрсенің сауабы үзілмей соңынан келіп тұрады. Соның бірі пайдаға тастаған ілімі, жақсы тәрбиелеген перзенті және соңынан қалдырған жария садақасы» - деген.

Соның бірі жария садақа – егілген ағаш, соғылан мешіт медресе, жол, сондай-ақ қазылған құдық. Алла Елшісі (Алланың оған сәлемі және рахметі болсын) басқа бір сөзінде: «Садақаның жақсысы шөліркеген кісіге су беру» деп ерекшелеген. Тіршіліктің қайнар көзі болған суды шығару тиісті орынға жеткізіп берудің сауаптығы осыдан соң ақ анғарыла береді. Тіпті ол су адамзаттан бөлек жан-жануарларға болсын, жансыз деген ағаш өсімдіктерге болсын жеткізілсе, кісі соңынан үзілмей баратын сауапқа айналып қала береді. Итке кебісімен су беріп, жаннатқа кірген күнәһар жанның әңгімесі осы сөзге арқау болып қалмақ.

Осындай игі амал мақсатында Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде мешіт қажеттілігіне орай құдық суы қазылды. Мол судың көзіне түсу үшін диаметрі жүздік трубамен жиырма метр тереңділікке дейін қазылып, су шығарылды. Осылайша, демеушілердің көмегімен құны 200 000 теңгеге жұмыс атқарылып, мешіт игілігіне жаратылды. Қазір мешіт дәретханасына, мешіт бағына су жеткізіліп, мешіт ауласының көгалдандыруға мүмкіншілік туып отыр.

Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: