Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Шу қалалық «Жәми» мешітінде Рамазан айына орай біршама игілікті істер қолға алынуда.

Шу қалалық «Жәми» мешітінде тарауық намазының бірінші күнінен бастап арнайы қарилар алдырып намазда хатым түсірілуде. Тарауық намазының алдында жарты сағат тоқтаусыз жамағатқа әртүрлі тақырыптарда уағыз айтылып, мешітте ауызашарлар ұйымдастырылуда. Жазғы демалысты ұтымды пайдалану мақсатында найб имам мен ұстаз мектеп жасындағы балаларға дәріс жүргізуде.

Рамазан – қайырымдылық айы болғандықтан қаладағы жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі бірнеше отбасыларға қайырымдылық жасалып қазіргі уақытта өз жалғасын табуда.

«Жәми» мешітінде сондай-ақ құрылыс, жөндеу, абаттандыру жұмыстарыда жандануда. Атап айтар болсақ, мешіт дәретханасының тозығы жетуіне байланысты қазіргі заманға сай соңғы үлгідегі құны шамамен 7 млн теңгеден асып жығылатын жаңа дәретхана бой көтеріп, Рамазан айында пайдалануға беріліп, қазірде жамағатқа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар мешіт ауласы кеңейтіліп, тас жол (брусчатка) төселіп, абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Осыншама қыруар жұмыстың басы қасында қаладағы қолы ашық жомарт жандарды ұйымдастырып жүрген, қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлының тынымсыз еңбегі мен қажыр қайратын айта кету керек.

Осы істің барлығын ұйымдастырып, бас имаммен бірге мешіттің жоғын жоқтап жүрген Шу аудандық маслихатының хатшысы Ержан Өміралиев, сонымен қатар жеке қаржысымен, жұмыс күшімен, әртүрлі техникалармен бар күш жігерін сарып қылып жатқан «Сауда Сервис» акционерлік қоғамының директоры Аманбек Қойшыбеков, орынбасары Көлбай Байжановқа бас имам өз ризашылығын білдірді.

Қазақта «Қолы ашықтың – жолы ашық» деген аталы сөз бар. Алла Тағала осындай атымтай жомарт ағаларымызға отбастарына амандық, дендеріне саулық беріп, жолдары әрқашан ашық болып, ұрпақатарына Алла өмір беріп мұраттары асыл, тілектері қабыл болғай. Елімізде осындай атымтай жомарт жандар көп болғай!

Шу қалалық «Жами» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: